Қызылорда облысында 2009/2010 оқу жылының басына 295 күндізгі жалпы орта білім мектептері жұмыс істеді, өткен жылмен салыстырғанда олардың саны 0,3 пайызға көбейді. Мектептердің жалпы санынан бастауыш 6,1 пайызды, негізгі 9,5 пайызды және орта мектептер 82,7 пайызды құрады. Мемлекеттік мектептердің саны 294 немесе 99,7 пайызды құрайды, оларда 129,4 мың адам білім алады. Соңғы жылдары білім сапасының жақсаруына қарамастан, оқушылар саны біртіндеп азайып барады. 2009/2010 оқу жылының басына облыста 129482 оқушы тіркелді, олардың саны 2008/2009 оқу жылымен салыстырғанда 1,7 пайызға азайған. Соңғы жылдары облыстың барлық аудандарында оқушылардың саны кеміді.
|