2010 жылдың 24 ақпанында облыстық статистика департаментінің қызмет көрсету, қаржы, құрылыс және инвестициялар статистикасы басқармасы және ЕМК мамандарымен респонденттер үшін қызмет көрсету, қаржы, құрылыс және инвестициялар салалары бойынша статистикалық есептіліктерді жасау және ұсыну, соның ішінде есептіліктерді электронды нұсқада тапсыру бойынша оқыту семинары өтті. Басқарма мамандары қазіргі коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы респонденттерге қаржы, құрылыс және инвестициялар салалары бойынша статистикалық бақылауларды өңдеудегі өзгерістер жөнінде, қызмет көрсетудің жаңа статистикалық жіктеуішін қолдану, сауданың қызмет көрсету түрлері бойынша тауарлардың статистикалық номенклатурасының жаңа болжамын пайдалану туралы, инновациялық қызмет бойынша статистикалық бақылаулардың ерекшеліктері, жанар-жағар май автостансаларының қызметі және жылу-энергетикалық балансы туралы әңгімелеп берді. Семинар соңында пікір алмасу болып қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді. |