|
Біз
статистикалық мәліметтерді тұтынуға сұраныстар көбейген 21 ғасырда өмір сүріп
жатырмыз. Дана халқымызда “Ақпарат - әлем әміршісі ” деп бекерге айтпаған.
Өздеріңіз білетіндей, статистика органдарының берген мәліметтерінің нақтылығы
мен дұрыстылығының нәтижесінде мемлекеттік басқару органдарының дұрыс тактикалық
даму бағдарламаларын қабылдауға тікелей себепті. Аз ғана уақыт ішінде қазақстан
статистикасы халықаралық стандарттар мен талаптарға сай келетін статистикалық
байқаулар мен статистикалық ақпараттарды өңдеудің жаңа әдістемелеріне көшті.
Соның нәтижесінде еліміздің экономикалық және қоғамдық-саяси өзгерістеріне
бейімделген ұлттық статистика жүйесі қалыптасты. Біз өндірушілерге және
статистикалық ақпараттарды пайдаланушыларға, сонымен қатар статистикалық ғылым
мен тәжірибеге қызығушылық танытқандармен кез-келген ынтымақтастыққа дайынбыз.
Біздің сайт жүйеміз Сізге республикалық статистика органдары жүйесімен жақынырақ
танысуға мол мүмкіндік беріп, Сіздерге қызық ты да пайдалы боларына сеніміміз
мол.
|